Түркия түлектері бас қосты

Түркиядағы түрлі университеттерден білім алып шыққан мавританиялықтар кездесу өткізді.

1156347
Түркия түлектері бас қосты

Түркиядағы түрлі университеттерден білім алып шыққан мавританиялықтар Түркия Маариф фонды Мавритания басқармасының ұйымдастыруымен кездесу өткізді.

Бас қала Нуакшоттағы кездесуде түлектер бірге отырып тамақтанды.

Бурса қаласындағы Ұлытау Университетінде оқыған Хадри Хамади Түркияда жақсы достықтар құрғанын айтты. Мавританияға оралғаннан кейін достарымен байланысының үзілмегенін және екі ел арасында сауда-коммерциялық істер атқарғанын білдірген Хамади Түркияның табиғатын,  музыкасын және тағамдарын сағынғанын атап көрсетті.
Түркия түлектері артынан Түркия Маариф фондының білім ошақтарын аралап көрді.



Ұқсас жаңалықтар