Пәкістан Түркияның дәнекерлігіне риза

Кази «Түркияның екі ел дағдарысының шешімінде дәнекер болатынын ризамын» деді.

1155405
Пәкістан Түркияның дәнекерлігіне риза

Пәкістан Түркияның дәнекерлігіне риза.

Пәкістанның Анкарадағы өкілетті және төтенше елшісі Сежжад Кази «дос және бауырлас» деп қараған Түркияның мемлекеті мен Үндістан арасында болған дағдарыстың шешімінде дәнекер болатынына  орай риза болғанын білдірді.

Баршаға аян екі ядролық мемлекет--Пәкістан мен Үндістан арасында жанжал шыққан. Олар даулы Кашмир аймағындағы шартты шекарада бір-біріне оқ жаудырған. Атыс кезінде Пәкістанда 4 бейбіт тұрғын қаза тауып, он шақтысы жараланған. Міне осы оқиғаны елші Кази Анадолы хабар агенттігіне түсіндірді.

Түркияның Пәкістан мен Үндістан арасындағы жанжалдың азайтылуында рөл ойнайтынын баяндаған Кази «Түркия Пәкістан үшін дос және бауырлас ел. Түркия әлем көлемінде маңызды бір ел. Түркияның екі ел дағдарысының шешімінде дәнекер болатынын ризамын» деген сөздер қолданды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар