Ердоған шығыс аймақтың ақсақалдарын қабылдады

Ердоған Түркияның аймағында маңызды бір актер екенін атап көрсетті.

1153916
Ердоған шығыс аймақтың ақсақалдарын қабылдады

Елбасы Режеп Тайып Ердоған Түркияның аймағында ережелерді атқарып, ойналған ойындарды бұзғанын айтты.

Елбасы Ердоған Шығыс және Оңтүстік шығыс Анадолы аймағындағы кейбір топтардың ақсақалдарын қабылдады. 

Елбасы Ердоған қабылдаудағы сөзінде  "Біз сүрінсек, географиямыздағы барлық адамдарды бір бірімен қырқыстыру үшін әр күні жаңа ойындар ойнап отырғандарды қуантамыз. Біз сүрінсек, Еуропадан Америка Құрама Штаттарына дейінгі күллі батыс елдерінде өздерін көрсетіп отырған Исламның жаулары қалпақтарын аспанға лақтырады" деп көрсетті.

Түркияның аймағында маңызды бір актер екенін дәріптеген Ердоған:

"Біз Мысырда және бүкіл Солтүстік Африкада ойналған ойындарды көрдік және қарсы шықтық. Біз Иракта ойналған ойынды көрдік және күшімізді көрсетіп, ойынды бұздық. Біз Сирияда ойналған ойынды да көрдік және майданға шығып, беталысты өзгерттік. Біз Шығыс Жерорта теңізінде, Қаратеңізде, Балканда ойналған ойындарға қарсы да ережеге лайықты бейне көрсетудеміз. Біз ойнақ салуларына орай бермеген бұл ойындар арт-артынан тұйыққа тірелуде, бұл да бізге қарсы өшпенділікті арттыруда. Бізге осы үшін бедел төлету ниеттері айқын" деп баса көрсетті.

Президенттік Сарайда ақпаратқа жабық өткен қабылдау екі сағат 20 минут жалғасты.

Қабылдауға Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу, Әділет және Даму партиясының мәлімдемешісі Өмер Челик және бұрынғы Ішкі істер министрі Абдулкадир Аксу қатысты. 



Ұқсас жаңалықтар