Путин Ердоғанды туған күнімен құттықтады

Түрік-Орыс Жоғары деңгейлі ынтымақтастық кеңесінің 8-ші кезекті жиналысына Путин мен Ердоған төраға болады.

1152758
Путин Ердоғанды туған күнімен құттықтады

Ресей президенті Владимир Путин елбасы Режеп Тайып Ердоғанға телефон шалып, туған күнімен құттықтады. 

Лидерлер сәуір айында жоспарланған кездесулерінің дайындықтарын да кеңесті.

Ресей Президенттік сарайы Кремльдің ақпарат басқармасынан жасалған мәлімдемеде Владимир Путин елбасы Режеп Тайып Ердоғанға телефон шалып, 65 жасқа толған туған күнімен шынайы тілекпен құттықтағаны білдірілді.

Орыс лидер сонымен бірге Түркия мен Ресей қарым-қатынастарының дамуына Ердоғанның жеке үлесінің жоғары екенін білдірді.

Лидерлер сәуір айында  Ресейдің астанасы Мәскеуде ұйымдастырылуы жоспарланған Түрік-Орыс Жоғары деңгейлі ынтымақтастық кеңесінің 8-ші кезекті жиналысының дайындықтарын да қолға алды.  

Түрік-Орыс Жоғары деңгейлі ынтымақтастық кеңесінің 8-ші кезекті жиналысына Путин мен Ердоған төраға болады. 



Ұқсас жаңалықтар