Король Абдуллах президент Ердоғанның қонағы болды

Екі басшы Палестина мәселесінен бастап, аймақтық және халықаралық жаңалықтарды қолға алды.

1137731
Король Абдуллах президент Ердоғанның қонағы болды

Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Иордания королі Абдуллах ІІ үшін кешкі қонақасы берді. Екі басшы Палестина мәселесінен бастап, аймақтық және халықаралық жаңалықтарды қолға алды.

Президент Ердоған мен жұбайы Эмине Ердоған Иордания королі Абдуллах ІІ мен жұбайы Раниа Әл-Абдуллахты Стамбул Тарабия сарайында күтті.

Ердоған мен король Абдуллах ІІ жұбайларымен Тарабия сарайының балконынан Стамбул бұғазын тамашалады.

Кейін сарайда кешкі қонақасы берді. Қонақасыға Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу және Сауда министрі Рухсар Пекжанда қатысты.

Кездесуде Түркия мен Иордания арасындағы екі жақты қарым-қатынастар талқыланды. Әртүрлі салаларда ынтымақтастықты күшейту үшін басылатын қадамдар қолға алынды.

Президент Ердоған мен король Абдуллах Палестина мәселесінен бастап, аймақтық және халықаралық жаңалықтар жайлы көзқарас алмасты.



Ұқсас жаңалықтар