Президент Ердоған террорды тазалайтындарын атап көрсетті

Президент Ердоған Сирияда Евфрат өзенінің шығысын террордан тазалап, тыныштық орнатылатынын атап көрсетті.

1134372
Президент Ердоған террорды тазалайтындарын атап көрсетті

Ердоған Стамбулда Ислам Ынтымақтастық Ұйымы аймағындағы Қызыл жарты ай қоғамдарының Қызыл крест қоғамымен ынтымақтастық желісі құру туралы жиналыста баяндама жасады.

Президент Ердоған баяндамасында Ислам әлемінің көпшілігі өз жерінде болып жатқан дағдарыстарға қарсы ықпалды және табысты бір күрес жүргізе алмағанын білдірді.

Ислам аймағының әртүрлі жерлерінен жазықсыздар мен жәбірленушілердің айқайының жалғасқанына назар аударған Ердоған «Түркия ретінде жоспарлы түрде аймаққа қалдырылған ДАИШ қалдықтары мен елімізге қарсы жаттықтырған ДАИШ-тіктерді тазалаймыз» деді.

Президент Ердоған «Түркия тек қана террор ұйымдарын құрту үшін емес, сондай-ақ қақтығыстар себеп болған гуманитарлық дағдарыстың ауыр ықпалын жеңілдету мақсатымен де талпынуда» деді.

Түркияның қазірге дейін шамамен ел көлемінде 4 миллионы сириялық болған барлық босқындар үшін қазірге дейін 35 миллиард доллар жұмсалғанын атап көрсеткен Ердоған «Ашық және нақты түрде айтамын. Бүгін әлемде болып жатқан көптеген мәселенің түбірінде материалды жағдайдың жетіспеушілігі емес, мархабат пен ойлау кемшілігі бар» деді.ф



Ұқсас жаңалықтар