Министр Чавушоғлу Агнес Калламардты қабылдады

Сыртқы істер министрлігі ресми ғимаратында жүзеге асқан кездесуге Калламардқа қоса БҰҰ мамандары қатысты.

1134533
Министр Чавушоғлу Агнес Калламардты қабылдады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу журналист Джемал Кашыкчы (Хошогги) қастандығы тергеуі аясында Түркияға келген БҰҰ сотсыз және еркін өлім жазасына қатысты арнайы баяндамашысы Агнес Калламардты қабылдады.

Калламард тергеу кезеңінде қол жеткізген мағлұматтар мен тергеуге қатысты ұсыныстарын БҰҰ Адам құқықтары кеңесінің маусым айындағы отырысында рапорт күйінде ұсынады.

Сауд журналист Джемал Кашыкчы заңды неке жұмыстары үшін 2018 жылдың 2 қазан күні барған Сауд Арабиясының Стамбулдағы консулдық ғимаратында өлтірілген болатын. Таяу Шығыстың ең ықпалды журналистерінің бірі ретінде АҚШ Вашингтон Пост газетінің тілшісі Джемал Кшыкчының Сауд Арабиясының Стамбул Бас консулдығында өлтірілуінің артынан шыққан жанжал Түркия және әлем күн тәртібіндегі орнын қорғайды.

Қастандықтың артынан өткен мерзімде Кашыкчының қашан, қайда және қалай өлтірілгені жайлы мағлұматтар ортаға шықса да, мәйіттің қайда екені белгісіз.



Ұқсас жаңалықтар