Түркия Бразилияға көңіл айту жеделхаты жолдады

Түркия жұма күні бір бөгеттің құлауы салдарынан көптеген адам қаза тапқан Бразилияға көңіл айтты.

1133815
Түркия Бразилияға көңіл айту жеделхаты жолдады

Сыртқы істер министрлігі тарапынан жасалған жазбаша мәлімдемеде Бразилияның Brumadinho ауданында бөгеттің құлауы салдарынан көптеген адамның қаза табуы мен жоғалғанының күйзеліспен қарсы алынғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде «Апатта қаза тапқандардың жанұяларына, Бразилия халқына және үкіметіне көңіл айтамыз» делінді.

Бразилияның оңтүстігінде бір кен қалдықтары бөгетінің кеше құлауы салдарынан 40 адамның мәйітінің табылғаны, шамамен 300 адамның да жоғалғаны білдірілген еді.



Ұқсас жаңалықтар