Ердоған Ғаниге көңіл айту хат жолдады

Ердоған Ауғанстан президенті Ашраф Ғаниге көңіл айту хатын жолдады.

1130415
Ердоған Ғаниге көңіл айту хат жолдады

Президент Режеп Тайып Ердоған Ауғанстан президенті Ашраф Ғаниге көңіл айту хатын жолдады.

Президенттік қайнар көздерден алынған мағлұмат бойынша Ердоған Ғаниге Ауғанстанның Майдан Вардак уәлаятындағы жанкешті шабуылында қаза тапқандар үшін көңіл айту хатын жолдады және террорды айыптады.

Президент Ердоған көңіл айту хатында былай деді: «Құрметті президент бауырым, Түркия және түрік халқы атынан сізге көңіл айтамын. Ауғанстанның Майдан Вардак уәлаятында 2019 жылы 21 қаңтар күні ұйымдастырылған террорлық шабуылында көптеген Ауғанстан қауіпсіздік күштері қайтыс болғанына және көптеген адамның жарақат алғанына қайғырдым.  Осы опасыз террорлық шабуылды айыптаймын. Түркияның террормен күресуде дос және бауырлас Ауғанстанның қасында екенін тағы бір мәрте қайталаймын. Қайтыс болғандардың жатқан жері жаннат, топырағы торқа болсын. Жарақат алғандарға жедел шипа тілеймін».

Ауғанстанның Майдан Вардак уәлаятында Талибан сарбаздары тарапынан  кеше ұйымдастырылған жанкешті шабуылында 126 адам қаза тапқан еді.



Ұқсас жаңалықтар