Президент Ердоған Трамппен телефон арқылы сөйлесті

Түркия күрдтермен емес, елдің тыныштығына қауіп төндірген террор ұйымдарымен күресуде.

1125656
Президент Ердоған Трамппен телефон арқылы сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттары президент Дональд Трампқа Түркияның күрдтермен емес, елдің тыныштығына қауіп төндірген террор ұйымдарымен күрескенін айтты.

Президент Ердоған Трамппен телефон арқылы сөйлесті.

Телефондағы әңгімелерінде Трампқа Сириядан кету шешіміне риза болғандарын білдірген Ердоған осы аяда Түркия болып, НАТО одақтасы АҚШ-қа әртүрлі жәрдем беруге дайын екендерін ескертті.

Телефон әңгімелеріне байланысты президенттік сарайдан жасалған мәлімдемеде екі ел президентінің екі жақты қарым-қатынастарымен қатар Сирияда болған соңғы оқиғалардың қолға алынғаны баяндалды.

Президент әңгіме барысында Түркияның күрдтермен ешқандай проблеманың болмағанын, мақсатының елдің тыныштығына қауіп төндірген террор ұйымдары ДАИШ, PKK және PKK-ның Сириядағы жалғасымен күресу екенін түсіндірді.


Этикеттер: #АҚШ , #НАТО , #Түркия

Ұқсас жаңалықтар