Ердоған маңызды баяндама жасады

Ердоған «PKK/YPG-нің өзіне бағынбаған барлық топтарға зұлмат көрсеткенін Трампқа  жеткіздім» деді.

1126109
Ердоған маңызды баяндама жасады

Ердоған «PKK/YPG-нің өзіне бағынбаған барлық топтарға зұлмат көрсеткенін Трампқа  жеткіздім» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияның кейбір аймақтарын жаулап алған бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-нің өзіне бағынбаған барлық топтарға зұлмат көрсеткенін, сондай-ақ бұлардың дәлелдерін Америка Құрама Штаттарына да бергендерін айтты.

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Режеп Тайып Ердоған партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі топтық жиналысында баяндама жасады.

Баяндамасында PKK/YPG-нің Африндегі әрекетеріне қатты соққы бергендерін түсіндірген Ердоған «Афринде қазір тыныштық орнады, командалар құрылды. Жастар футбол матчтар өткізуде. Қай жерден қай жерге келдік. Бұл табандылықтың жемісі болып табылады» деді.

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамптың Сирия тақырыбында Твиттер арқылы Түркияға қарсы жасаған мәлімдемесіне тоқталған Ердоған «Кеше құрметті Трамптың жеке есеп шотынан берілген мәлімдемелер мені және министрлерімізді ренжітті. Кеше кеште осы мәселе туралы өзімен телефон арқылы сөйлестім. Өте сәтті бір кездесу болды. Өзі де АҚШ әскерлерінің Сириядан кетуі шешімін қайталады» деді.

Сирияда барлық этникалық және діни топтарды тең қайрайтынын Трампқа да айтқанын мәлімдеген Ердоған «PKK/YPG-нің өзіне бағынбаған барлық топтарға зұлмат көрсеткенін жеткіздім» деді.

Ердаған «Түркия күрд бауырларымыздың де мемлекеті. Күрд бауырларымызға үндеу тастаймын: тұзаққа түспеңдер» деген сөздер қолданды.


Этикеттер: #АҚШ , #Сирия , #террор

Ұқсас жаңалықтар