Түркия Трамптың сөздеріне жауап берді

Анкара Дональд Трамптың сөздеріне жауап беріп,  Түркияның күрдтердің дұшпаны емес,  қорғаушысы екенін білдірді.

1125018
Түркия Трамптың сөздеріне жауап берді

Анкара Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамптың сөздеріне жауап беріп,  Түркияның күрдтердің дұшпаны емес,  қорғаушысы екенін білдірді.

Президенттік аппарат Коммуникация басқармасы төрағасы,  Проф. Фахреттин Алтун Дональд Трамптың сөздеріне жауап берді.

Алтун әлеуметтік желідегі жазбасында: «Түркия Республикасы мемлекеті – күрдтердің дұшпаны емес, қорғаушысы. Түркияның күрдтермен проблемасы жоқ» деді.

Түркияның проблемасының бөлшектеуші террорлық ұйым PKK және оның Сириядағы жалғасымен екенін атап көрсеткен Алтун: «PKK және оның Сириядағы жалғасы PYD  мен YPG  - террорлық ұйымдар.  Түркия терроризммен күресін табандылықпен жалғастырады» деді.



Ұқсас жаңалықтар