Президент Ердоған 2 жекеменшік сала инвестициясын ашты

Президент Ердоған Манисада мың 109 адамды жұмыспен қамдайтын жекеменшік саланың екі инвестициясын ашу рәсіміне қатысты.

1119994
Президент Ердоған 2 жекеменшік сала инвестициясын ашты

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның халықаралық инвесторлар үшін сенімді бір аялдама екенін атап көрсетті.

16 жылдың ішінде Түркияда тікелей жасалған шетелдік инвестиция көлемінің 202 миллиард долларға ұласқанын атап көрсеткен Ердоған Оңтүстік Шығыс Анадолы аймағындағы қалалардың да осы инвестициялардан үлес алатынын білдірді.

168 миллиард долларлық рекордпен 2018 жылы экспортына назар аударған Ердоған 2019 жылы нысаналарының да 200 миллиард доллар ретінде жариялады.

Түркияның соңғы 5-6 жылда бастан кешкендерін еске салған Ердоған ұқсас қиыншылықтар алдында Еуроодақ елдерінің ұстанымын сынға алды.

Ердоған «5 жыл бұрын сатушыларымыздың дүкендерін талан-тараж еткен, полициямызға оқ атқан, бомба тастаған, көшелерді өртеген вандалдарға қарсы бізді демократияға шақырғандар бүгін одан да шағын оқиғаларға душар болғандар көтерілуде» деді.



Ұқсас жаңалықтар