Ердоған Имран Ханды Президенттік сарайында қабылдады

Түркия, Ауғанстан және Пәкістан үштік саммиті Стамбулда өтеді.

1119597
Ердоған Имран Ханды Президенттік сарайында қабылдады

Ердоған Имран Ханды Президенттік сарайында қабылдады.

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия, Ауғанстан және Пәкістан арасындағы үштік саммиттің Түркияда 31 наурыз күні өткізілетін жергілікті сайлаудан кейін Стамбулда ұйымдастырылатынын айтты.

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан Президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркияға келді.

Ердоған Имран Ханды Президенттік сарайында қабылдады.

Оңаша кездесуден кейін өткізілген делегациялар арасы кездесулерде екі ел арасындағы қарым-қатынастар жан-жақты қолға алынды.

Екі лидер одан кейін баспасөз жиналысы өткізді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Пәкістанның FETÖ-ні террор ұйымы ретінде таныған сот шешіміне риза болғанын айтты.

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан да мемлекеті мен Түркияның бір-бірлерімен өте жақын екі елге айналатынын атап өтті.

Хан «Пәкістан-Ауғанстан-Түркия саммитінің Ауғанстандағы бейбітшілікке үлес қосатынына сенемін» деген сөздер қолданды.

        

 



Ұқсас жаңалықтар