Түркия 2019 жылды шаттықпен күтіп алды

Түркияда 2019 жылды күтіп алу мерке өресіне жетті

1117118
Түркия 2019 жылды шаттықпен күтіп алды

Түркия 2019 жылды шаттықпен күтіп алды.

Ыстамбұлдағы Таксим алаңы мен Истиклал даңғылында бас қосқан азаматтар мен туристтер жаңа жылды қуана күтіп алды.

Жаңа жылға минуттар қалғанда бір ауыздан секундтарды жоғары дауыспен санаған азаматтар мен туристтер жаңа жылдың келуін өзара құшақтасып, амандасып, ортақ тілекпен қарсы алды.

Кадыкөй, Истиклал даңғылы, Таксим алаңы сияқты маңызды мерекелік жерлерде қауіпсіздік шаралары жоғары деңгейге жетті. Полиция күдікті деген адамдардың құжаттарын тексерді. 

Бас қала Анкарада  азаматтар 2019 жылға Кызылай Гуенпарктегі көлемді құттықтаулармен кірді.

Кешкі уақыттан бастап 15 Шілде Кызылай Ұлттық жігер алаңына жинала бастаған Анкара халқы аязға қарамай, сағаттар бойы Гуенпаркке жиналды.

Бас қала Анкараның көңіл ашу орталықтарында да жаңа жыл шаттықпен күтіп алынды.

Измирде халық жаңа жылға Республика алаңында "Қош келдің" деді.

Измир халқы ауаның суығына қарамай, алаңды толтырды. Измир қала әкімшілігі ұйымдастырған іс шараларда азаматтар жаңа жылға концертпен кірді.

Түркияның маңызды туристік аймағы Анталияның Алания қаласында азаматтар мен туристтер жаңа жылды Алания Қамалында және базар орталықтарында күтіп алды.

Жаңа жылдың алғашқы минуттарында теңіз жағажай шырақтары мен қонақ үйлердің көңіл ашу орталықтарында шырақтардан отшашу көріністері аспанды нұрға бөледі. 



Ұқсас жаңалықтар