Ердоған әлемнің ең үздік лидері болып сайланды

Президент Режеп Тайып Ердоған«2018 жылының ең үздік лидері» болып сайланды.

1116939
Ердоған әлемнің ең үздік лидері болып сайланды

 

Президент Режеп Тайып Ердоған«2018 жылының ең үздік лидері» болып сайланды.

Президент Режеп Тайып Ердоған Rassdnews медиасы тарапынан өткізілген дауысқа салуда «2018 жылының ең үздік лидері» болып сайланды.

Араб әлемінің таңдаулы медиасы болған Rassdnews «2018 жылғы әлемнің ең үздік лидерлері» атымен ұйымдастырылған дауысқа салудың нәтижелерін жариялады.

Rassdnews медиасы тарапынан ұйымдастырылған дауысқа салуға қатысқан 300 мың адамның 77 пайызы президент Режеп Тайып Ердоғанды «2018 жылғы әлемнің ең үздік лидері» деп сайлады.

Тізімде төңкеріс арқылы құлатылған бұрынғы Мысыр президенті Мұхаммед Мурси де 52 пайызбен екінші орынды иеледі.

Осы тізімде Ердоғанмен қатар Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп, Ресей президенті Владимир Путин және Сауд Арабиясы королы Селман бин Абдулазиз де бар еді.

Сонымен қатар дауысқа салуда Сауд Арабиясының Стамбул Бас консулдығында журналист Джемал Кашыкчының өлтірілуі «2018 жылының ең үлкен оқиғалары» ішінде бірінші орынды иеледі.



Ұқсас жаңалықтар