Түркия Израильдің шешімін айыптады

Түркия Израильдің Батыс Шерияда 2 мың 200 жаңа ғимарат салынуына рұқсат беру шешімін қатал түрде айыптады.

1114933
Түркия Израильдің шешімін айыптады

Түркия Израильдің Батыс Шерияда 2 мың 200 жаңа ғимарат салынуына рұқсат беру шешімін қатал түрде айыптады.     

Сыртқы істер министрлігі осы тақырыпқа байланысты мәлімдеме жасады. Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде былай жазылды: «Израильдің бұл шешімі  Біріккен Ұлттар Ұйымы үкімдеріне және Төртінші Женева келісіміне қайшы. Израильдің заңсыз шешімін қабылдамаймыз».

Израиль 1967 жылы Батыс Шерияны жаулап алған. Қазір Батыс Шерияда 250-ге тарта еврей елді мекені бар. Осы жерлерге 400 мыңнан астам еврей қоныстанды. Батыс Шерияда жаулау астындағы палестиналықтардың тұрмыс-тіршілігі өте қиын жағдайда.

 



Ұқсас жаңалықтар