Чавушоғлұ АҚШ-тың Сириядан кету шешімін түсіндірді

Чавушоғлұ «АҚШ-тың Сириядан кетумен байланысты жаңалықтар YPG-ға қызмет етпеуі керек» деді.

1113278
Чавушоғлұ АҚШ-тың Сириядан кету шешімін түсіндірді

Чавушоғлұ «АҚШ-тың Сириядан кетумен байланысты жаңалықтар YPG-ға қызмет етпеуі керек» деді.

Сыртқы істер министрі министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Америка Құрама Штаттарының Сириядан кетуімен байланысты жаңалықтардың бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ға қызмет етпеулері керектігін айтты.

2018 жылғы Түркия сыртқы саясатын талқылаған жиналыста баяндама жасаған Чавушоғлұ Түркияның Евфрат өзенінің шығысындағы террористтерге бағытталатын операция дайындықтары және АҚШ-тың Сириядан кету шешімін түсіндірді.

Түркияның шығыстағы террористтерге бағытталатын операцияны бастауы мүмкіндігін білдірген Чавушоғлұ «АҚШ-тың Сириядан кету процесін осы елмен координация етеміз. АҚШ-пен кездесу өткізудеміз» деді.

Вашингтонның Сириядан кету шешіміне риза болғанын білдірген Чавушоғлұ «Алайда Сириядан кетумен байланысты оқиғалар YPG-ға қызмет етпеуі керек» деді.

Террор ұйымы ДАИШ-пен күресуге тоқталған Чавушоғлұ «ДАИШ Сирияның қай жерінде болса болсын тазалаймыз» деді.

Чавушоғлұ 2 қазанда Сауд Арабиясының Стамбул Бас консулдығында тұншықтырылып өлтірілген сауд текті журналист Джемал Кашыкчы қастандығына орай «Кашыкчы қастандығы үлкен қылмыс. Кашыкчы қастандығымен байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының тергеуі үшін кейбір елдермен кездесудеміз» деген сөздер қолданды. 



Ұқсас жаңалықтар