Нетаньяхудың Ердоған жайлы сынына Анкара наразылық көрсетті

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Twitter арқылы мәлімдеме жасады.

1111966
Нетаньяхудың Ердоған жайлы сынына Анкара наразылық көрсетті
omer celik.jpg

Түркияның бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға бағытталған операциялары арқылы президент Режеп Тайып Ердоғанды сынға алған Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға Анкарадан наразылық келді.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Twitter арқылы жасаған мәлімдемеде президент Ердоған айтқан шындықтардың Израиль премьер-министрі Нетаньяхуды тағы мазалағанын атап көрсетті.

Калын «Елінде тергеулермен басы бәледен құтылмаған Нетаньяху өзіне ауған назарларды басқа жаққа аударғысы келеді. Дегенмен бекер талпынуда. Израильдің басқыншылық пен зұлымдық саясатын ешқашан жасыра алмайды. Президентіміздің үнін ешкім өшіре алмайды» деді.

Әділет және даму партиясы мәлімдемешісі Өмер Челик болса Twitter арқылы жасаған мәлімдемесінде «Түрік армиясы және қауіпсіздік күштерінің PKK нысаналарына жасаған операциялардың Нетаньяхуды мазалауы ойландыруда» деді.



Ұқсас жаңалықтар