Түркия террормен күресті табанды түрде жалғастырады

Чавушоғлұ бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-мен күрестің табанды түрде жалғасатынын білдірді.

1108908
Түркия террормен күресті табанды түрде жалғастырады

Түркия террормен күресуді табанды түрде жалғастырады.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-мен күресудің табанды түрде жалғасатынын білдірді.

Чавушоғлұ Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде министрліктің бюджет тақырыбы талқысында сөз сөйледі.

Сирия шекара желісінде болған оқиғаларды түсіндірген Чавушоғлұ «YPG/PKK және ДАИШ  Түркияға қауіп төндіруде. Сондықтан шекара тысындағы террорды жою біздің борышымыз болып табылады» деді.

Манбидж жоспарының табысты түрде атқарылуы және Евфрат өзенінің шығысына да операция жасау үшін Америка Құрама Штаттарымен кездесулердің жалғасқанын баяндаған Чавушоғлұ «Манбидж жоспарының да алдымыздағы күндерде тамамдалатынына сенеміз» деді.

Террормен күресуде табанды екенін қайталаған Чавушоғлұ Фетуллахшы террор ұйымы мүшелерінің басқа елдерден Түркия әкелінуі тақырыбында талпынғанын атап өтті.

Чавушоғлұ «АҚШ біздің әлі де стратегиялық одақтасымыз. Алайда мазасыз болған жағдайды тартынбай айтудамыз» деді.

        



Ұқсас жаңалықтар