23 террорист залалсыздандырылды

Бір аптада 2404 операция жүргізілді.

1108235
23 террорист залалсыздандырылды

Соңғы бір аптада жүргізілген ішкі қауіпсіздік операцияларында 23 террорист залалсыздандырылды.

Ішкі істер министрлігінің хабарламасында, 10-17 желтоқсан күндері аралығында 2404 операция ұйымдастырылғаны білдірілді.

Операцияларда бір террорист өлтірілді,  11 террорист тірілей қолға түсті,  11 террорист болса берілді.

Залалсыздандырылған террористтер қатарында бұрыннан іздеу салынған Айшенур Инджи де бар.

Бөлшектеуші террорлық ұйым PKK-мен қатысы бар 266, Фетуллахшы террор ұйымымен қатысы бар 421, террорлық ұйым ДАИШ-пен қатысы бар 41 және солшыл террорлық ұйымдармен байланысы бар 23 адам қамауға алынды.

Айырықша террорлық ұйымның үгіт-насихатын жүргізген әлеуметтік желідегі 233 есеппен байланысты қылмыстық іс ашылды.  201 адам сотқа берілді.

Тәртіпсіз көшпен күрес аясында да 3821 босқын ұсталды.



Ұқсас жаңалықтар