Халықаралық TRT Деректі фильм сыйлықтарына өтінім қабылданады

Биыл TRT Деректі фильм сыйлықтары 11-іш мәрте ұйымдастырылады.

1106252
Халықаралық TRT Деректі фильм сыйлықтарына өтінім қабылданады

Халықаралық TRT Деректі фильм сыйлықтарына өтінім қабылданады.

Түркия телерадио корпорациясы әуесқой және кәсіпқой деректі фильм түсірушілерге қолдау беру, деректі фильм жанрының дамуына және кең тарауына үлес қосу,  түрлі елдердің жоғары сапалы фильмдерінің көрерменмен табысуы және ұзын мерзімде әлемдегі деректі фильм түсірушілерінің бас қосу алаңын қалыптастыру мақсатымен жоба жүргізуде.

2018 жылы 79 елден 624 деректі фильм қатысқан жобаға 2019 жылы да қатысушылардың көп болатыны болжалуда.

Биыл TRT Деректі фильм сыйлықтары 11-іш мәрте ұйымдастырылады. Өтінімдер 2019 жылдың 25 қаңтар күніне дейін қабылданады. Өтінімдер қабылданғаннан кейін алғы іріктеу жүргізіліп, қорытындысы 8 наурыз күні жарияланады.

Ақтық сайысқа қалған фильмдер 25-30 сәуір күндері аралығында көрсетіледі. Фильм көрсетілімдеріне режиссерлер де қатысады. Көрсетілімдер тегін және халыққа ашық өткізіледі.

Фильм көрсетілімдерімен бірге қазылар алқасының қорытындысы жарияланады. 29 сәуір күні де жеңімпаздар марапатталады.

Айырықша биыл Халықаралық TRT Деректі фильм сыйлықтары аясында «TRT Жобаға қолдау байқауы» өткізіледі.  Жобаға қолдау байқауына әлі басталмаған, тек пікір және хикая сатысындағы жобалар қабылданады.  Халықаралық TRT Деректі фильм сыйлықтары байқаудың шарттарына сай баршаға ашық және тегін жүргізіледі.

Фестивальде үздік деректі фильмдер анықталады. Ұлттық кәсіпқой дереуті фильм категориясында бірінші орын а иесі 50 000 ТЛ, Студент фильмдері аталымының жеңімпазы 25 000 ТЛ, Халықаралық байқау жеңімпазы болса 10 000 евро ақшалай жүлдемен марапатталады. Осы жүлделермен бірге әрбір аталымда арнайы тағы екі ақшалай сыйлық беріледі. TRT Жобаға қолдау байқауында үш жеңімпазға 10 000 ТЛ табысталады.  

 

Байқау күнтізбесі:

Өтінім қабылдаудың басталуы: 23 қараша 2018

Өтінім қабылдаудың аяқталуы: 25 қаңтар 2019

Алғы іріктеу қорытындысының жариялануы: 08 наурыз 2019

Жобаға қолдау байқауы призентация: 27 сәуір 2019

Жобаға қолдау байқауы Қазылар алқасы қорытындысы: 28 сәуір 2019

Байқауға қатысатын фильмдер қазылар алқасы қорытындысы: 25-28 сәуір 2019

Қорытындының жариялануы және марапат кеші: 29 сәуір 2019

 

ЖҮЛДЕЛЕР:

 

Ұлттық байқау кәсіпқой аталым

 

Үздік фильм сыйлығы: 50.000 ТЛ

Арнайы сыйлық: 40.000 ТЛ

Арнайы сыйлық: 30.000 ТЛ

 

Студент фильмдері аталымы

 

Үздік фильм сыйлығы: 25.000 TL

Арнайы сыйлық: 20.000 TL

Арнайы сыйлық: 15.000 TL

 

Халықаралық байқау

 

Үздік фильм сыйлығы: 10.000 евро

Арнайы сыйлық: 7.500 евро

Арнайы сыйлық: 5.000 евро

 

Жобаға қолдау байқауы

 

10.000 ТЛ

10.000 ТЛ



Ұқсас жаңалықтар