Евфрат қалқаны аймағына террор шабуылы жасалды

Сирияның солтүстігінде Баб және Чобанбей аудандарында бірдей уақытта жасалған бомбалы террор шабуылында 2 адам қаза тапты.

1105983
Евфрат қалқаны аймағына террор шабуылы жасалды

Сирияның солтүстігінде Евфрат қалқаны аймағындағы Әл-Баб және Чобанбей аудандарына бірдей уақытта жасалған бомбалы террор шабуылында 2 жазықсыз адам қаза тапты.

Жергілікті ақпарат көздеріне қарағанда шабуыл Сирияның солтүстігінде Түркия шекарасындағы Чобанбей аудан орталығында Пошта ғимараты маңында бомба тиелген көлікпен жасалды.

Шабуылда 20 жазықсыз адам жарақат алды. Чобанбейдегі жарылыстың артынан Түркия шекарасына шамамен 20 шақырым қашықтықтағы Баб ауданында (Үлкен мешіт) Джами Кебир деп аталған және жазықсыз адамдар жиі барған аймақта бомба тиелген көлік жарылды.

Алғашқы мағлұматтарға қарағанда 2 адам қаза тапты, 10 адам жарақат алды.

Оқиға орнына жіберілген Азаматтық қорғау топтары іздеу және құтқару жұмыстарын бастады.

Шабуыл нәтижесінде айналадағы көлік пен ғимараттарға зиян келді. Полиция күштері қауіпсіздік шараларын арттырып, жаралылар ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнындағы тергеу топтары шабуылдардың террор ұйымы YPG/PKK тарапынан жасалған болуы мүмкін екенін болжауда.

Террор ұйымдарының президент Режеп Тайып Ердоғанның кеше Евфраттың шығысына операция жасалатыны жөніндегі мәлімдемесінен кейін жасалуы назар аударды.

Президент Ердоған Түрік қорғаныс өнеркәсібі саммитінде жасаған мәлімдемеде «Евфраттың шығысын бөлшектеуші террор ұйымынан азат етуді нысанаға алған операциямызға бірнеше күннің ішінде бастайтынымызды атап айтқымыз келеді» деген болатын.



Ұқсас жаңалықтар