Йылдырым Тегерандағы конференцияда баяндама жасады

Йылдырым «Түркия, Иран және Ресей арасындағы ынтымақтастықты табанды түрде жалғастырамыз» деді.

1103137
Йылдырым Тегерандағы конференцияда баяндама жасады

Йылдырым «Түркия, Иран және Ресей арасындағы ынтымақтастықты табанды түрде жалғастырамыз» деді.     

Иранның астанасы Тегеранда ұйымдастырылған «Терроризм және радикализммен күрес» атты конференцияға  Иран президенті Хасан Рухани, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Бинали Йылдырым, Қытай Мәжіліс төрағасының орынбасары Чын Зу, Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслан Володин, Пәкістан Ұлттық Мәжіліс төрағасы Есад Қайсар, Ауғанстан Ұлттық Мәжіліс төрағасы Абдул Рауф Ибрахими,  Иран Мәжіліс төрағасы Али Ларжани  және бірқатар жоғарғы лауазым иелері қатысты.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Бинали Йылдырым конференцияда баяндама жасады. Йылдырым баяндамасында «Аймақтық мәселелердің шешілуі және аянышты оқиғаның аяқталуына көңіл бөлудеміз. Түркия, Иран және Ресей арасындағы ынтымақтастықты табанды түрде жалғастырамыз» деді.

Сирияда болған ішкі соғыс және террор оқиғаларына тоқталған Йылдырым Түркияның мөлшермен 4 миллион сириялыққа үй иелігін жасағанын еске салып, «Бұл жұмысты барлық ынта пейілімізбен істеудеміз. Бірақ осы шығындарды халықаралық ұйымдарымен бөлісуіміз керек» деді.

ТҰҰМ төрағасы Йылдырым Иран сапарынан кейін Түркияға оралды.


Этикеттер: #Иран , #Ресей , #Тегеран

Ұқсас жаңалықтар