Бинали Йылдырым Иранға барды

Йылдырым Тегеранда Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен бас қосты.

1103119
Бинали Йылдырым Иранға барды

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Бинали Йылдырым Қырғызстаннан кейін Иранға барды.

Бинали Йылдырым «Терроризм және радикализммен күрес тақырыпты Мәжіліс басшылары конференциясына» қатысты.

ТҰҰМ төрағасы Бинали Йылдырым конференцияда жасаған баяндамасында «Бір террор ұйыммен күресу үшін басқа бір террор ұйымды қолдану екі беткейлік» деді.

Конференция аясында Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен бас қосты.

Конференцияның ашылуына Иран президенті Хасан Рухани де қатысты. Рухани баяндамасында Америка Құрама Штаттарының еліне бағытталған санкцияларды сынға тартты.

 


Этикеттер: #Иран , #Ресей , #Тегеран

Ұқсас жаңалықтар