Сирия тақырыбында АҚШ-Түркия жұмыс тобы Анкарада жиналады

Түркия мен АҚШ делегациялары Сирия тақырыпты 3-ші ортақ жұмыс тобы жиналысын ертең Анкарада өткізбек.

1101881
Сирия тақырыбында АҚШ-Түркия жұмыс тобы Анкарада жиналады

Дипломатиялық ақпарат көздеріне қарағанда екі елдің тиісті министрлік пен мекеме лауазымдылары қатысатын жиналыс ертең Анкарада ұйымдастырылады.

Делегацияларға Сыртқы істер министрі орынбасары Седат Өнал мен АҚШ-тың Сирия арнайы өкілі Джеймс Джеффри басшылық жасайды.

Жұмыс жиналыстарының алғашқысы 8 наурыз күні АҚШ-та, екіншісі болса 13 шілде күні Анкарада болып өткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар