Президент Ердоғанның Венесуэла сапары

Ресми сапармен Венесуэлаға барған президент Ердоған байланыстарын аяқтады.

1099855
Президент Ердоғанның Венесуэла сапары

Ресми сапармен Венесуэлаға барған президент Режеп Тайып Ердоған байланыстарын аяқтады.

Алдымен Симон Боливар ескерткішіне барған президентті осында Венесуэла президентінің орынбасары Дельси Родригез қарсы алды.

Президент Ердоған ескерткіштің алдында түрік және Венесуэла байрақтарымен өзін күтіп тұрған балалармен сөйлесіп,  естелік үшін суретке түсті.

Венесуэла Симфония оркестрі екі елдің ұлттық ән ұранын орындағаннан кейін, президент ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Ескерткіш жөнінде мәлімет алған президент Ердоған арнайы дәптерге: «Түркиядан Венесуэлаға президент ретіндегі тұңғыш ресми сапарды ұйымдастырғаным үшін қуаныштымын.  Латын Американың тәуелсіздік күресінің символы Венесуэла халқының аты аңызға айналған лидері Симон Боливарды құрметпен еске аламын. Бас қала Анкараның ең үлкен даңғылдарының біріне есімі берілген басшы артында қалдырған теңдесі жоқ мұрасымен Венесуэла және Латын Америкамен бірге бүкіл әлемде тәуелсіздіктің алауын жағуын жалғастырады» деп жазды.  

Ердоған артынан Венесуэла президенті Николас Мадуромен бірге Түркия-Венесуэла Бизнес форумына қатысты.

Ердоған осында: «Соңғы айларда экономикалық ауыр шабуылға ұшыраған бір ел ретінде жаһандық сауда жүйесінің параметрлерін менсінбейтін қылықтарды қолдамаймыз» деді.

5 тамыз күні Мадуроға жасалған қастандық әрекетіне де тоқталған Ердоған осы опасыз шабуылдың Мадуромен бірге Венесуэла халқының тәуелсіздік ерік-жігеріне деген шабуыл екенін білдіріп: «Венесуэланың мықты ұйымшылдығы кейбіреулерді мазасыздандырды» деді.

«Екі ел арасындағы әлеуеттен жақсы пайдалануымыз керек. Венесуэламен ынтымақтастықты түрлендіруге және барлық салада тереңдетуге тырысамыз. Мадуро мырзамен екі жақты және сонымен бірге аймақтық көп тақырыптардағы ынтымақтастығымызды оңаша және делегация кездесулерінде қолға алдық» деді.

Ердоған Латын Америка және Карибтер аймағымен сауда-экономикалық қатынастарда соңғы он жылда үлкен жетістіктер бар екенін атап көрсетті. Ол аймақпен сауда айналымының 2016 жылы шамамен 7 миллиард доллар болса, 2018 жылдың алғашқы 9 айында 9,2 миллиард доллардан асқанын білдірді.

Президент осы сапар арқылы Венесуэламен қарым-қатынастарда жаңа парақ ашылғанын тілге тиек етті.  Бұдан былай осы ынталардың елдер мен аймақтар үшін нақты қорытынды беруі үшін одан да көп жұмыстанатындарын айтты.

«Елдеріміз арасындағы қашықтық қатынастарымызды нығайту және ынтымақтастықты түрлендіру үшін кедергі болмауы керек.  Көңілдердің арасына қашықтық кірмесе, жағрафиялық қашықтықтың ешбір маңызы болмайды» деді ол.

Артынан екі басшының ортақ баспасөз брифингінде болса президент Мадуроның: «Біз туралы айтқанда асылтекті,  асау, көмектесуді ұнататын,  еңбекқор деп айтылуы керек.  Венесуэла халқы бауырластық үшін құшақ ашқанда,  оны шынымен ашады және біз бауырластық үшін құшағымыз бен көңілімізді асыл тарих иесі, жауынгер,  көптеген шайқаста жеңіске жеткен,  жеңімпаз түрік халқы үшін ашуға шешім бердік» деген сөздері назар аударды.

Артынан президент Ердоған мен Венесуэла президенті Мадуроның алдында екі ел арасында он салада келісімдерге қол қойылды.



Ұқсас жаңалықтар