Йылдырым Қытайға барды

Йылдырым Қытай Ұлттық Халық тұрақты комитеті төрағасы (Мәжіліс төрағасы) Ли Джаншумен кездесті.

1099674
Йылдырым Қытайға барды

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Бинали Йылдырым ресми байланыстармен Қытай Халық Республикасына барды.

Бинали Йылдырым Түркия мен Қытайдың аймақтық және жаһандық тақырыптарда ұқсас көзқарастарға ие екі ел екенін білдірді.

Йылдырым Бейжіңгеді Тянь Ань Мынь алаңында орын алған Ұлттық Халық Конгресінде Қытай Ұлттық Халық тұрақты комитеті төрағасы (Мәжіліс төрағасы) Ли Джаншумен кездесті.

Кездесуден кейін баспасөзге мәлімдеме жасаған Йылдырым Түркия мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың болымды түрде ілгерілегенін меңзеп, президент Режеп Тайып Ердоған мен Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпиннің Аргентинада ұйымдастырылған Үлкен жиырмалық елдері лидерлер саммиті аясында кездескенін, сондай-ақ кездесуде екі елмен байланысты тақырыпта маңызды шешім жасағандарын айтты.

Йылдырым «Түркия-Қытай қарым-қатынастары көне тарихқа барып тіреледі. Азияның бір шетінде Қытай болса, енді бір шетінде Түркия орын алуда. Түркия мен Қытай аймақтық және жаһандық тақырыптарда ұқсас көзқарастар ие екі ел» деді.



Ұқсас жаңалықтар