"БҰҰ-да реформа жасау қажет"

Ердоған Ислам Ынтымақтастық ұйымының жиналысына қатысты.

1096551
"БҰҰ-да реформа жасау қажет"

Президент Режеп Тайып Ердоған БҰҰ-да реформа жасаудың шарт екенін айтты.

Стамбулда өткен Ислам Ынтымақтастық ұйымы Экономикалық және сауда ынтымақтастығы тұрақты комитеті ИСЕДАК жиналысында сөз сөйлеген Ердоған: «БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелерінің мүддесін қорғағанын байқадым.  Тұрақты бес ел, олардың бірі не десе, барша соны істеуге мәжбүр. Полюстағы киттердің санын ойлағанындай,  Сомалидегі аш балалардың өмірін ойламайды.  Ақша,  мұнай,  алмаздан басқа нәрсені көп ойламайтындарын білеміз.  Біз қазір Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемде өмір сүріп отырған жоқпыз. Жаңа бір әлем құрылды.  Тұрақты бес мүше  тұрақты емес 15 мүшемен алдамасын. Тұрақты емес 15 мүшенің ешбір маңызы жоқ.  Барлығын бес мүше,  тіпті олардың арасындағы бір мүше ел басқарып отыр. БҰҰ жүйесін реформалау шарт» деді.

Президент ИСЕДАК жиналысына Ислам Ынтымақтастық ұйымының кезекті төрағасы ретінде қатысты. «ИСЕДАК-қа мүше елдер ретінде саудамызды қаншалықты арттырсақ,  соншалықты мықты боламыз» деген Ердоған: «Арамыздағы саудада ұлттық ақша бірліктерімізді қолдану империалисттік кісендерді сындыру тұрғысынан өте маңызды» деді.

Президент айырықша террорлық ұйым ДАИШ-ті сылтау қып,  аймақта жаңа бір террор мемлекетінің құрылуына рұқсат етпейтіндерін айтты.  «Сириядағы дағдарысты басқалары емес,  біз шешеміз.  Берлиннен Парижге, Брюссельден Мәскеуге дейін қайда болса болсын террористтердің жазықсыз адамдарды өлтіруіне біз қарсы шығамыз. Азаматтарымыздың Иерусалимге саяхаттап баруын ынталандыру арқылы басқыншылардың Иерусалимнің шырағын сөндіруіне біз кедергі боламыз. ФЕТО, PKK, Әл Кайда, Әл Шебаб секілді террорлық ұйымдар арқылы болашағымыздың түнекке айналуына алдымен біз қарсы шығамыз.  ДАИШ-ті сылтау қып аймағымызда жаңа террор мемлекеттерінің қалыптасуына кедергі боламыз. Зұлымдық пен әділетсіздікке алдымен біз даусымызды көтереміз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар