Ресей президенті Путин Стамбулға келді

Путин Түрік ағыны жобасы теңіз бөлімінің тамамдалуына орай  Стамбулға келді.

1090863
Ресей президенті Путин Стамбулға келді

Ресей президенті Владимир Путин Түрік ағыны жобасы теңіз бөлімінің тамамдалуына орай ұйымдастырылатын рәсімге қатысу үшін арнайы ұшақпен Стамбулға келді.

Путинді Ататүрік әуежайында мемлекеттік қонақүйінде Стамбул губернаторы Али Йерликая, Стамбул қала әкімі Мәвлүт Ұйсал, Ресейдің Анкарадағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Йерхов, Түркия мен Ресей лауазым иелері қарсы алды.

Түрік ағыны жобасы теңіз бөлімінің тамамдалуына орай президент Режеп Тайып Ердоған және Ресей президенті Владимир Путиннің қатысуымен бүгін Стамбулда рәсім өткізіледі.

Ресей табиғи газын Түркияға және Еуропаға тасымалдайтын Түрік ағыны табиғи газ құбыр желісі жобасы Қаратеңіздің астынан төселген әрбіреуі 15,75 миллиард текшеметр деңгейге ие 930 километр ұзындығында екі құбыр желісінен құралады.



Ұқсас жаңалықтар