Түркия Ауғанстандағы шабуылды айыптады

Түркия Ауғанстанның бас қаласы Кабулда кеше жасалған террор шабуылын айыптап, ауған халқына көңіл айтты.

1086785
Түркия Ауғанстандағы шабуылды айыптады

Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде «Кабулда кеше Газна мен Урузган уәлаяттарындағы қауіпсіздік жағдайын протест ету мақсатты ұйымдастырылған шеру кезінде жасалған бомбалы шабуыл нәтижесінде көптеген адам қаза тауып, жарақат алғанын күйзеліспен үйрендік» делінді.

Мәлімдемеде Аталмыш террор шабуылын айыптай отырып, шабуылда қаза тапқандарға Алланың рақымшылығын тілеп дос Ауғанстан үкіметі мен бауырлас ауған халқына көңіл айтамыз. Жаралылардың тез арада сауығып кетуіне тілектеспіз» делінді.

Кабулдағы протест шеруі кезінде жасалған жанкешті шабуылда 6 адам қаза тауып, 10 адам жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар