Калын маңызды мәлімдеме жасады

Калын Президент кабинеті жиналысынан кейін мәлімдеме жасады.

1083633
Калын маңызды мәлімдеме жасады

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын PYD-ге жасалған қолдаудың бөлшектеуші террор  ұйымы PKK-ға жасалғанмен бірдей екенін айтты.

Ибрахим Калын Түркияның террор ұйымдарын «жақсы немесе жаман» деп бөлмейтінін атап өтті.

Калын Президент кабинеті жиналысынан кейін баспасөз мәслихат өткізді.

«PYD мен YPG-ге берілген әрбір қолдау тікелей немесе жанамалай террор ұйымы PKK-ға берілген қолдау болып саналады» деген Калын «Біз террор ұйымын жақсы немесе жаман террор ұйымы деп бөлмейміз» деген сөздер қолданды.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Түркия мемлекетінің террор қаупіне қарсы барлық органдарымен күресуді жалғастыратынын түсіндіріп, «Америка Құрама Штаттарына қойған талабымыз олардың PYD  және YPG-мен байланысын түбегейлі үзу» деген ескерту жасады.

АҚШ Сирия арнайы өкілі Джемс  Джеффри бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның жалғасы PYD мен YPG-ны террор ұйымы ретінде қарамағандарын айтқан еді.

Джеффри Түркияның PKK мен PYD-YPG арасындағы байланысынан  алаңдағандарын түсінгенін пайымдады.



Ұқсас жаңалықтар