Калын АҚШ-тың террористтер туралы мәлімдемесін бағалады

АҚШ PKK-ның 3 басшысы жөнінде хабарлағандарға сыйақы беретінін жариялады.

1082905
Калын АҚШ-тың террористтер туралы мәлімдемесін бағалады

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Америка Құрама Штаттарының бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның 3 басшысы жайлы мағлұмат беретіндерге сыйақы беру уәдесіне мұқият қарағандарын білдірді.

Ибрахим Калын АҚШ-тың террор басшылары Мурат Карайылан, Джемил Байык және Дуран Калканның куәлігі немесе жерін анықтаға көмектесетін ақпаратты бөліскендерге ақшалай сыйақы берілетіні жайлы мәлімдемесін бағалады.

Ибрахим Калын «Сыйақы мәлімдемесін мұқият қарсы аламыз. Пайдасыз емес, кешіккен бір әрекет» деді.

Калын «Олар ‘YPG мен PYD-ні PKK террор ұйымынан бөлек бағалаймыз’ дейді. Осымен көндіре алмайды. Олардың етене байланысының көліктен тұратын бір ынтымақтастық еместігін қайта қайта түсіндірдік. Өте кешіккен бір бастама. Мұны жасағанын болымды қарсы аламыз. Үлкен жоспар аясында осы (Сириядағы) YPG ортақтығын жасыратын бір нәрсе болса, 3 күннен кейін ортаға шығады» деді.

Ибрахим Калын АҚШ пен Сирияның Манбидж аймағымен байланысты анықталған жол картасын барлық тұстарымен жоспарланғандай іске қосу тақырыбында Түркияның табандылығын да атап көрсетті.

Жол картасы аймақты PKK/PYD/YPG күштерінен азат етіп, негізгі иелеріне өткізуді қамтиды.

АҚШ-тың Еуропа мен Еуразия жұмыстарына жауапты Кеңесші орынбасары Меттю Пальмер АҚШ Сыртқы істер министрлігінің «Rewards for Justice» (Әділет үшін сыйақы) бағдарламасы аясында кәлігі немесе немесе жерін анықтауды қамтамасыз ететін ақпарат үшін террорист басы Мурат Карайылан үшін 5 миллион долларға дейін, Джемил Байык үшін 45 миллион долларға дейін және Дуран Калкан үшін 3 миллион долларға дейін сыйақы беретінін жариялаған еді.

 



Ұқсас жаңалықтар