Түркия террормен күресу табанды түрде жалғасады

Ердоған Түркияның террормен күресуде  тарихтың ең табысты кезеңін өткізгенін айтты.

1082504
Түркия террормен күресу табанды түрде жалғасады

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның террормен күресуде  тарихтың ең табысты кезеңін өткізгенін айтты.

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Ердоған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі топтық жиналысында сөз сөйледі.

Баяндамасында террормен күресуге тоқталған Ердоған «Бөлшектеуші террор ұйымдарына қатты соққы берудің арқасында маңызды нәтижелерге қол жеткіздік. Бөлшектеуші террор ұйымы PKK-дан ДАИШ-ке дейін, Фетуллахшы террор ұйымы FETÖ-ден  DHKPC-ге дейін қаншама террор ұйымдары бар болса, барлығын күйретеміз» деді.

Ердоған «Тек 2016 жылы тамыз айынан осы таңға дейін жүргізілген операцияларда мемлекет ішінде 761, Солтүстік Иракта 1092, Сирияда Евфрат қалқаны операциясында 3 мың, Зәйтүн бұтағы операциясында 4500 террористті залалсыздандырдық» деген сөздер қолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар