Йылдырым Аргентина Өкілдер мәжілісі төрағасымен кездесті

Бинали Йылдырым Аргентина Өкілдер мәжілісі төрағасы Эмилио Монзомен кездесті.

1079987
Йылдырым Аргентина Өкілдер мәжілісі төрағасымен кездесті

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі  төрағасы Бинали Йылдырым Аргентинада ұйымдастырылған Үлкен жиырмалық елдері Парламентарлар форумына қатысты.

Бинали Йылдырым жиналыс аясында Аргентина Өкілдер мәжілісі төрағасы Эмилио Монзомен кездесті.

Йылдырым одан кейін Өкілдер мәжілісіндегі Аргентина-Түркия достық тобы мүшелерін қабылдады.

Кездесуде Түркия мен Аргентина арасында әр салада дамуда болған қарым-қатынастарына риза екені білдірілді.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Йылдырым Үлкен жиырмалық елдерінің жаһандық қиыншылықтарды артта қалдыру үшін басшылық жасай алатынын да баяндады.



Ұқсас жаңалықтар