ТҰҰМ төрағасы Бинали Йылдырым Аргентинада

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Йылдырым Аргентинада ұйымдастырылған Үлкен жиырмалық Парламентарлар форумына қатысты.

1079582
ТҰҰМ төрағасы Бинали Йылдырым Аргентинада

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Бинали Йылдырым Аргентинада ұйымдастырылған Үлкен жиырмалық елдері Парламентарлар форумына қатысты.

Бас қала Буэнос-Айрестегі Аргентина Ұлттық Конгресінде басталған форумда «Өркендеудің қаржыландырылуы» тақырыпты конференцияның негізгі баяндамашысы болған Бинали Йылдырым «Осы жиналыстан жаһандық мәселелердің шешімі жөнінде маңызды бір нәтиженің шығатынын үміт етемін» деді.

ТҰҰМ төрағасы Йылдырым Үлкен жиырмалық елдерінің жаһандық қиыншылықтарды артта қалдыру үшін басшылық жасай алатынын да білдірді.

Бинали Йылдырым баяндамасында Түркияның сириялық босқындар үшін 30 миллиард доллардан астам қаржы жұмсағанына назар аударды.

Қазірге дейін Түркияның «Адамға жан бер, әлем жасасын» түсінігімен істегенін және осы тақырыпта халықаралық қоғамнан жәрдем алмағанына назар аударған Йылдырым «30 миллиард доллардан астам қаржы қолданылды. Бұдан кейін де қолдануды жалғастырамыз. Әйтеуір Сирияда тез арада мәселелер шешілсін. Барлық сириялықтар қосылған тұрақты бір бейбітшіліктің, жаңа бір жарқын бір күннің басталуын қалаймыз» деді.

ТҰҰМ төрағасы баспасөзге жабық өткен отырыстарда Оңтүстік Африка ұлттық штаттар кеңесі төрағасы Танди Модисемен бас қосты.

Йылдырым және қасындағы делегация кейін Ресей Дума бірінші төраға орынбасары Иван Мелников және Аргентина Сенаты уақытша төрағасы Федерико Пинедомен де кездесті.



Ұқсас жаңалықтар