Челик Кашыкчы оқиғасы жөнінде мәлімдеме жасады

Челик «Бұл оқиға жоғарғы лауазым иелерінен бұйрық алмай жасалатын бір оқиға емес» деді.

1079214
Челик Кашыкчы оқиғасы жөнінде мәлімдеме жасады

Әділет және даму партиясы мәлімдемешісі Өмер Челик сауд текті журналист Джемал Кашыкчы оқиғасының жоғарғы лауазым иелерінің бұйрығы болмай жасалатын бір оқиға емес екенін айтты.

Өмер Челик Әділет және даму партияның орталық атқару кеңесі жиналысынан кейін мәлімдеме жасады.

Өмер Челик Кашыкчының 2018 жылы 2 қазан күні ресми жұмыстары үшін барған Сауд Арабиясының Стамбулдағы Бас консулдығына кірген соң із-түссіз жоғалып кету оқиғасына байланысты «Мәйітінің орнын білгіміз келеді, жергілікті сыбайластың кім екенін білгіміз келеді» деді.

Челик «Бұл оқиға жоғарғы лауазым иелерінен бұйрық алмай жасалатын бір оқиға емес» деген сөздер қолданды.

Өмір Челик «Бұл оқиғаның жабылуына рұқсат бермейміз» деді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар