Бас прокуратура Кашыкчының өлтірілуімен байланысты мәлімдеме жасады

Стамбул Бас прокуратурасы сауд текті журналист Джемал Кашыкчының алдын ала жоспарлап өлтірілгенін мәлімдеді.

1079147
Бас прокуратура Кашыкчының өлтірілуімен байланысты мәлімдеме жасады

Стамбул Бас прокуратурасы Вашингтон Пост газеті (Washington Post) тілшісі сауд текті журналист Джемал Кашыкчының алдын ала жоспарлау арқылы елінің Стамбулдағы бас консулдық ғимаратына кіре салып тұншықтырып өлтірілгенін жариялады.

«Кейін болса мәйіттің бөлшектеп жойылғаны» атап көрсетілген Бас прокуратураның мәлімдемесінде «Оқиғамен байланысты жергілікті қылмыскерлер болғаны туралы Сауд Арабиясы мекемелерінің кезкелген бір баяны жоқ екенін білдірді» делінді.

Бас прокуратура «Шындықтың ортаға шығарылуына бағытталған барлық талпыныстарымызға қарамастан (сауд тарапымен) келіссөздерден нақты бір нәтиже шықпады» деді.

Стамбул Бас прокуратурасы Сауд Арабиясында тұтқындалғаны алға тартылған күдіктілердің Түркияға қайтарылуы сұранысының қайталанғанын атап көрсетті.

Мәлімдемеде Стамбул Бас прокуратурасы және қасындағы делегацияның Кашыкчы қастандығы аясында Сауд Арабиясына шақырылғанына да орын берілді.

Вашингтон Пост газеті авторы сауд журналист Джемал Кашыкчы 2018 жылы 2 қазан күні ресми жұмыстары үшін барған Сауд Арабиясының Стамбұлдағы Бас консулдығына кірген соң із-түссіз жоғалған еді.

Сауд Арабиясы әкімшілігі 20 қазан күні Кашыкчының «консулдық ғимаратында шыққан үрейде қаза тапқанын» жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар