Түркия тағы операция жасауы мүмкін

Ердоған Сирияның Евфрат өзенінің шығысына операция сигналын берді.

1078248
Түркия тағы операция жасауы мүмкін

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияның Евфрат өзенінің шығысына операция сигналын берді.

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Режеп Тайып Ердоған партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі топтық жиналысында сөз сөйледі.

Баяндамасында «Сирия мәселесін шешпей, болашағымызға сеніммен қарай алмаймыз» деген Ердоған осы елден басқарылған террор шабуылдары және басқа қауіп-қатерлер алдында қажетті қадамдар басатындарын айтты.

Ердоған бір жағынан Сирия режимін айтақтап, енді бір жағынан ДАИШ-ті қоздырып Сирияны қайтадан қанға бояуына әсте рұқсат бермейтіндерін атап өтті.  

Евфрат өзенінің шығысындағы террор жүйелерін де күйрететіндерін баяндаған Ердоған «Осы тақырыпқа байланысыты дайындықтарымызды, жоспарларымызды және бағдарламаларымызды тамамдадық. Бір түнде кенеттен кіруіміз мүмкін» деді.



Ұқсас жаңалықтар