Әлемнің ең ірі әуежайы ашылды

Жаңа әуежай Стамбул деп аталады.

1077753
Әлемнің ең ірі әуежайы ашылды

Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбулда жаңа салынған әлемнің ең ірі әуежайының есімінің Стамбул екенін жариялады. 

Ердоған жаңа әуежайды салтанатты түрде ашты. 

Ердоған осындағы сөзінде Стамбул әуежайының Түркия және әлемге құтты болуын тіледі.

Президент осы қуанышты күнде Түркияның жанында болған 50 шақты елден келген қонақтарға алғыс білдірді. 

Салтанатты ашылуға Албания президенті Илир Мета,  Катар Әмірі Шейх Тамим Бин хамад әл Тани, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Косово президенті Хашим Тачи, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы президенті Мұстафа Акынджы, Македония президенті Георге Иванов, Молдова президенті Игорь Додон, Пәкістан президенті Ариф Алви, Сербия президенті Александр Вучич, Судан президенті Омар Хассан Ахмад әл Башир, Босния және Герцоговина Басшылар кеңесі төрағасы Денис Звихдич, Болгария премьер-министрі Бойко Борисов, Конго Демократиялық Республикасы премьер-министрінің орынбасары және Қатынас министрі, Словения премьер-министрінің орынбасары Аленка Братусек, Грузия Сыртқы істер министрі Давид Залкалиани, Иран Сыртқы істер министрі Джевад Зариф, Молдова Республикасы Гагауыз автономдық аймағы басшысы Ирина Влах қатысты. 

Ашылу салтанатында президент Ердоғаннан бұрын сөз сөйлеген Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Бинали Йылдырым: "95 жылдығында Респуликаның даңқына жарасатын осы ғимарат еліміз, ұлтымыз және өңіріміз үшін құтты болсын" деді. 

Үшінші әуежайдың қызметке берілу салтанатына жергілікті және халықаралы медиа өкілдері де үлкен қызығушылық танытты. 

Әсіресе шетелдік баспасөз өкілдері сәулетімен таңғалдырған әуежайы жөнінде жаңалық таратты,  сұхбаттар жариялады. 

Салтанатты жиынға саясат,  өнер,  спорт және бизнес саласынан көптеген қонақ қатысты. 

Фенер Понти патриархы Барталамеос, Түркия Иудейлер басшысы Исак Халева, Суряни православ шіркеуі басшысы Юсуф Четин де қатысушылар арасында орын алды. 

76,5 миллион шаршы метрлік алаңға салынған жаңа әуежайдың бірінші сатысының ашылуы үшін 6 миллиард евролық инвестиция құйылды. 

Әуежайдың қалған сатылары да жолаушы санына сай 2023 жылға дейін аяқталады. 

Әуежайы толықтай аяқталғанда, тәуелсіз 6 жолағы, 500 ұшақ әлеуеті, 70 мың көлік сиятын ашық және жабық автобекеті және жылына 200 миллион жолаушы санымен әлемнің ең ірі әуежайы болады. 

Жаңа әуежайда Түрік Әуе жолдары компаниясы ішкі желіде 31 қазан күні Анкара, 1 қараша күні Анталия, 2 қараша күні Измирге бірінші рейстерін жүзеге асырады. 

Осы әуежайдан шетелге бірінші рейс болса 1 қараша күні Солтүстік Кипр Түрік Республикасы және 8 қараша күні Әзірбайжанға игеріледі. 

Жылдың аяғына дейін осы әуежайдан күніне 2 мың ұшақ қонып көтерілетін болады. Жаңа әуежайдан 350-ден астам пунктке рейс игеріледі. 

Стамбул әуежайында 250 авиакомпания қызмет беретін болады. 

 



Ұқсас жаңалықтар