Ердоған Кашыкчы жөнінде мәлімдеме жасады

Ердоған Сауд Арабиясының Кашыкчыны өлтіру бұйрығын кімнің бергенін жариялауы керектігін айтты.

1076200
Ердоған Кашыкчы жөнінде мәлімдеме жасады

Ердоған Сауд Арабиясының Стамбул Бас консулдығында жасалған Джемал Кашыкчы қылмысына тоқталды.

Президент Режеп Тайып Ердоған Сауд Арабиясы лауазым иелерінің журналист Джемал Кашыкчыны өлтіру бұйрығын кімнің бергенін жариялауы керектігін айтты.

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Режеп Тайып Ердоған партиясының орталығында кеңейтілген жиналыста баяндама жасады.

Ердоған баяндамасында Сауд Арабиясының Стамбул Бас консулдығында жасалған Джемал Кашыкчы қылмысына тоқталды.

Ердоған «Сауд Арабиясы азаматы Джемал Кашыкчы түрік азаматы болған бір қызбен үйленетін болды. Кашыкчы үйлену құжаттарын беру үшін Сауд Арабиясының Стамбул Бас консулдығына кірді және одан кейін шықпады. Тексерулер мен дәлелдер  Кашыкчының консулдықта өлтірілгенін көрсетуде» деді.

Сауд Арабиясы лауазым иелерінің «Кашыкчының консулдықтан шықты» деген пайымдаудың дұрыс емес екенін түсіндірген Ердоған «Бұл мәлімдемелер бізді алаңдатуда» деді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар