Калын Кашыкчы жайлы мәлімдеме жасады

Ибрахим Калын журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

1073528
Калын Кашыкчы жайлы мәлімдеме жасады

Ибрахим Калын журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Түркияның сауд текті журналист Джемал Кашыкчының өлтірілу оқиғасын халықаралық және ұлттық құқық принциптері аясында жарыққа шығару үшін қажетті қадамдар басқанын айтты.

Калын президенттік сарайында Президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында өткен Президенттік кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасап, журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

Калын Ердоған мен Америка Құрама Штаттары Президенті Дональд Трамптың  алдыңғы күні телефон арқылы сөйлескенін түсіндірді.

Калын екі лидердің телефон әңгімелеріне байланысты «Трамп 17 қыркүйекте Түркия мен Ресей арасында жасалған Идлиб келісіміне орай Президентімізге алғыс айтты. Әңгіме барысында басшылар екі жақты қарым-қатынастарды қолға алып, террормен күрес, сауд журналист Джемал Кашыкчы мәселесі және Сириядағы соңғы жаңалықтар жайлы көзқарас алмасты» деді.

Ибрахим Калын сауд текті журналист Джемал Кашыкчы оқиғасына байланысты «Бұл тақырып Түркия мен Сауд Арабиясы арасындағы бір тақырып емем. Түркия бұл жерде халықаралық және ұлттық құқық принциптері аясында жарыққа шығару үшін қажетті қадамдар басуда» деді.



Ұқсас жаңалықтар