Ел көлеміндегі ұсталған заңсыз мигрант саны 189-ға жетті

Ел көлеміндегі операцияларда елге заңсыз жолмен кірген және шетелге өтуге әрекет жасаған заңсыз мигранттар ұсталды.

1073316
Ел көлеміндегі ұсталған заңсыз мигрант саны 189-ға жетті

Кыркларелинде заңсыз жолмен шетелге шығуға әрекет жасаған 136 мигрант ұсталды.

Бабаески және Кофчаз аудандарында Еуропаға заңсыз түрде өтуге әрекет жасаған 4 бөлек топ бар екені жайлы хабарлама түскен соң Қалалық жандармерия қолбасшылығы топтары операция жасады.

Топтар Ауғанстан, Пәкістан, Ирак және Иран текті 136 заңсыз мигрантты ұстады.

Ванның Башкале ауданында да елге заңсыз жолмен кіргені анықталған 36 мигрант ұсталды.

Ауған және пәкістандық мигранттарға азық-түлік және сусын таратылды. Башкале Мемлекеттік ауруханасында тексерілген мигранттар Қалалық Көш басқармасы дирекциясына өткізілді.

Сивас қаласында да 17 мигранттың ұсталғаны білдірілді.

Бурсаға қарай бара жатқан жолаушы автобусында ұсталған заңсыз мигранттар Полиция басқармасының шетелдіктер бюросына тапсырылды.



Ұқсас жаңалықтар