АҚШ уәдесінде тұруы керек

Ердоған Әділет және даму партиясының ТҰҰМ-дегі топтық жиналысында баяндама жасады.

1069762
АҚШ уәдесінде тұруы керек

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттарының Сирияның солтүстігінде қажетті қадамдар басқан жағдайда Түркияның бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-ге қарсы шара қолданатындарын айтты.

Ердоған Әділет және даму партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі топтық жиналысында баяндама жасады.

Ердоған Сирияның Манбидж аймағына орналастырылған бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның жалғасы PYD-YPG мүшесі террористтерді бұл жерден шығаруы жөнінде АҚШ-қа уәдесінде тұруы туралы үндеу тастады.

Түркия-АҚШ арасындағы 4 тамызда жасалған келісімді еске салған Ердоған «Манбиджте мерзім 90 күн еді. Өкінішке орай орындалмады. Евфрат өзенінің шығысында қажетті қадамдар басылады» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар