Түркия Ауғанстанға жәрдем қолын созуда

Түркия Ауғанстанның астанасы Кабулдағы қиыншылығы бар 300 отбасына азық-түлік жәрдемін берді.

1064367
Түркия Ауғанстанға жәрдем қолын созуда

Түркия Ауғанстанның астанасы Кабулдағы қиыншылығы бар 300 отбасына азық-түлік жәрдемін берді.

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы тарапынан ұйымдастырылған және Ауғанстан Қызыл жарты ай қоғамының Кабул офисінен жасалған азық-түлік тарату рәсіміне бірқатар жоғарғы лауазым иелері қатысты. Азық-түлік тарату рәсіміне Түркияның  Кабулдағы өкілетті және төтенше елшісі Огузхан Ертугрул, Ішкі істер министрлігі мигрант басқармасы басшысы Абдуллах Аваз, Түрік Қызыл жарты ай қоғамы төрағасы Ибрахим Алтан және Түрік Қызыл жарты ай қоғамы делегациясы төрағасы Мүжахит Салих Дуран сынды тұлғалар қатысты.

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы төрағасы Ибрахим Алтан бұл жерде жасаған баяндамасында Ауғанстанның мөлшермен 40 жылдан бері қырғын соғысты басынан кешіргенін, сондай-ақ осы жағдайдың елді әбден мезі қылғанын және Ауғанстан халқын кедейшілікке апарып соққанын айтты.

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы ретінде Ауғанстан халқының қиыншылықтарына жәрдем  беру үшін Ауғанстанда бір офис ашқанын баяндаған Алтан офис жұмыстарының жалғасқанын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар