Ердоған террормен күресудің жалғасатынын білдірді

Ердоған террормен күресудің табандылықпен жалғасатынын білдірді.

1063611
Ердоған террормен күресудің жалғасатынын білдірді

Президент Режеп Тайып Ердоған террормен күресудің табандылықпен жалғасатынын білдірді.

Анкарада өткізілген Әділет және даму партиясының 27-ші ақылдастар алқасы жиналысында сөз сөйлеген Ердоған «Террордың түбін жоямыз. Кандилде, Синджарда тыным таптырмаймыз. Тоқтаусыз бір тынбай қуалаймыз. Ұлтымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігін бұзуға бұлардың күші жетпейді» деді.

Ескере кетейік, Ердоған кеше Гержүш ауданы маңында сауытты көлік өтіп бара жатқанда террорлық ұйым PKK мүшелері төсеп кеткен жарылғыштың жарылғанын, сондай-ақ оқиғада 8 әскердің шейіт болғанын еске салды.

Ердоған «Бір өліп мың тірілеміз. 8 шейітіміздің құнын 800 террорист төлейді» деген сөздер қолданды.

 

 


Этикеттер: #террор , #Анкара , #әскер

Ұқсас жаңалықтар