Түркия Израильді қатал айыптады
Түркия Израиль әскерлерінің Газада бейуаз халыққа бағытталған шабуылдарын айыптады.
1059589
![Түркия Израильді қатал айыптады](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/adb8/fb3a/ca94/5b97650160b40.jpg?time=1718953596)
Түркия Израиль әскерлерінің Газада бейуаз халыққа бағытталған шабуылдарын айыптады.
Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде «Израиль әскерлері Газада бейуаз халыққа қарсы шабуыл жасады. Шабуылда 7 палестиналық қаза тапты, 500-ден астам палестиналық жарақат алды. Біз осы тағылық шабуылды қатал түрде айыптаймыз» делінді.
Мәлімдемеде «Израильдің қысымы астындағы территорияларда палестиналықтарға үздіксіз күш қолданылуда. Палестиналық халықтың қорғалуына байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы жалпы кеңісі шешімінің атқарылуының маңызы тағы бір рет байқалды» деген сөздерге орын берілді.
Ұқсас жаңалықтар
![Кечели Понти Патриархының мәлімдемесін жоққа шығарды](http://cdn.trt.net.tr/images/medium/rectangle/7349/36a1/9972/65fd850e363e8.jpg?time=1718953596)
Кечели Понти Патриархының мәлімдемесін жоққа шығарды
Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Өнджү Кечели мәлімдеме жасады.