Ердоған АҚШ-қа барады

Президент БҰҰ-да сөз сөйлейді.

1054345
Ердоған АҚШ-қа барады

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттары сапары шеңберінде 25 қыркүйек күні БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйлейді, инвестиция және бизнес саласы өкілдерімен бас қосады.

Президенттік аппараттың хабарламасына қарағанда, Ердоған БҰҰ 73-ші Бас Ассамблеясы сессиясына қатысу мақсатты 23-27 қыркүйек күндерінде АҚШ-қа барады.

Ердоған Бас Ассамблеяның алғашқы күні 25 қыркүйек күні баяндама жасайды.

Хабарламаға қарағанда президент Ердоған Нью-Йоркта БҰҰ Бас хатшысы және басқа да мемлекет басшыларымен кездесу өткізеді.

Айырықша іскерлер, АҚШ-тағы түрік және мұсылман қоғам өкілдерімен бас қосады.



Ұқсас жаңалықтар