Босқындар үшін жаңа бастама

Түркия оларға үй салып береді.

1044514
Босқындар үшін жаңа бастама

Түркия сириялық босқындардың өз елдеріне оралуы үшін жаңа қадам басуда.

Түрік Қарулы күштерінің «Евфрат қалқаны» әскери операциясы нәтижесінде террористтерден тазаланған Сирия өңірлеріне жаңа тұрғын үйлер салынады.

Түрік Қызыл жарты айы қоғамы алғашқы сатыда 6 мың адам өмір сүретін мың үй салады.

Алғашқы тұрғын үйлер Джераблус пен Әл Баб аудандары арасындағы Түркия шекарасына 10 км қашықтықтағы өңірге салынады.

Түрік Қызыл жарты ай қоғамының басшысы Керем Кынык тұрғын үйлер салынатын алаңды тексерді. Сәулет жоспарлары аяқталған үйлер 6 мың адамға мекен болады.

Осы тұрғын үйлердің 1 жылда аяқталуы жоспарланып отыр.



Ұқсас жаңалықтар