Түркия Нигериядағы террор шабуылын айыптады

Түркия Нигерияда кеше және алдынғы күні болған террор шабуылын айыптады.

1018027
Түркия Нигериядағы террор шабуылын айыптады

Сыртқы істер министрлігі тарапынан жасалған жазбаша мәлімдемеде Йобе мен Borno уәлаяттарында көптеген адамның қаза тауып, жаралануына жол ашқан террор шабуылдарын айыптап, «Үлкен қайғы мен үрей туғызған осы шабуылдарда қаза тапқандарға Алланың рақымшылығын, жаралыларға шипа тілейміз. Нигерия үкіметі мен халқына көңіл айтамыз» делінді.

Нигерияның солтүстік батысында Борно уәлаятында Боко Харам террор ұйымының мешітке жасаған бомбалы шабуылда 8 адам қаза тауып, 7 адам жарақат алған болатын. Йобе уәлаятына қарасты Тармуа аймағында да әскери күш пен Боко Харам террор ұйымы мүшелері арасында шыққан қақтығыста көптеген Нигерия әскері қаза тапқан болатын.

Нигерияда 2000 жылдарының басынан бері болмысын жалғастырған Боко Харам ұйымы 2009 жылдан бастап жасаған террор әрекеттерінде 20 мыңға таяу адамның қаза табуына себеп болды.



Ұқсас жаңалықтар